Абай өлеңдері 1.0

3

Pro hodnocení programu se prosím nejprve přihlaste

Staženo
49 ×
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
ады.

Абай өлеңдерін 10 жасынан («Кім екен деп келіп ем, дүние қуған”) қағаз бетіне түсіре бастады. «Сап, сап, көңілім”, «Шәріпке”, «Абыралыға”, «Жақсылыққа”, «Кең жайлау” оның алғашқы өлеңдері. Сонымен бірге аударма жасаумен де айналысқан. Оның «Қансонарда” (1882), жылдың төрт мезгілін суреттеген «Қыс”, «Күз”, «Жаз”, «Жазғытұры” өлеңдері, «Масғұт”, «Ескендір”, «Әзім” поэмаларының қазақ әдебиетінде орны ерекше. Араб, парсы, түркі білім көздеріне Абай ерекше көңіл аударып. Осы тілдерді өз бетімен жүйелі түрде оқып игереді.

Абайдың философиялық, көркемдік, әлеуметтік, гуманистік көзқарастары қара сөздері арқылы да берілген. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) — ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан «Абай” журналында жарық көрді. Кейіннен Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. Абай музыка саласында да мол мұра қалдырған. Қазіргі уақытта ақынның 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген.
  • Verze programu

    1.0

  • Poslední aktualizace od vývojáře

    3. 2. 2020

  • Počet stažení za měsíc

    0 ×

  • Velikost

    5,8 MB

  • Potřeba instalace:

    Ne

  • Web autora

    ZhOmArt

  • Podporované jazyky

    • Běloruština
Zobrazit více
Přejít do Google Play
Zdarma

Sdílet

TIP: Stahují se vám programy pomalu? Změřte si rychlost svého internetového připojení.